Ақтауда аулада ойнап жүрген баланы белгісіз біреу алып қашпақ болған. Оқиға кеше күндізгі уақытта 33-ықшамаудандағы ойын алаңқайлардың бірінде болды.
Куәгердің көзіне түскен бойда қаша жөнелген ер адам алысқа ұзап кете алмапты. Тұрғындар соңынан қуып жетіп, полиция қызметкерлеріне тапсырған. Қазір оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Айкерім ИБАТУЛЛАЕВА, Маңғыстау облыстық ПД өкілі:
– Орын алған оқиғаға қатысты күдіктінің үстінен қылмыстық кодекстің 124-бабы, 1-тармағы, яғни, «көрінеу жас балаға қатысты күш қолдану , азғындық әрекеттер жасау» бойынша іс қозғалды.