Атырау ауылдық округінің халқы суға жарымай отыр. Тұрғындар малға да, егінге де пайдаланудың кесірінен ауыз судың қысымы азайып қалатынын айтады.
– Егер Жайықтың суын әкімдік бізге тартып беретін болса, бақандай 3 мәселеміз шешілмекші. Ауыл сыртына өзеннің суымен толатын астау жасап қойса, мал ауыл арасына кірмес еді. Екіншіден, ауыл арасына ағаш егіп, жастар көгалдандыру жұмыстарына атсалысатын еді. Сондай-ақ, Атырау су арнасынан келетін судың да қысымы көтерілер еді, – дейді Атырау ауылдық округінің тұрғыны Жорабек Охасов.
Шағымданғандардың сөзіне сенсек, 10 мыңнан астам халқы бар ауылға Жайықтан су тарту жұмысы осыдан үш жыл бұрын қолға алынған. Тіпті, бюджеттен қаржы бөлініп, арнайы құрал-жабдықтары да сатып алыныпты. Бірақ басталған іс аяқсыз қалған сыңайлы.
– Аз ғана ақша болса және рұқсат берсе, су айдауға мүмкіндігіміз бар. Осы мәселемен жаңа әкімімізге барғанымызда коммуналдық қызметке мұқтаж еместігін айтты. Сметалық құжаттары жасалып тұрған нәрсеге қосымша ақша бөлу артық екенін жеткізді. Соншалық қатты мұқтаж болсаңдар, өздерің жасап алыңдар дегенді меңзеді, – деді ауыл тұрғыны Рақым Қапсалихов.Откройте для себя последние тенденции в мире аксессуаров для умных часов и персонализируйте свое носимое устройство с помощью наших уникальных аксессуаров. smartwatch armbänder.Независимо от того, ведете ли вы активный образ жизни или предпочитаете элегантный внешний вид, наши браслеты предлагают стиль и функциональность на любой случай. Выбирайте из множества цветов и материалов, чтобы улучшить впечатления от умных часов и выразить свою индивидуальность. Не упустите возможность персонализировать свое устройство, наслаждаясь комфортом и качеством!
Ал осыған дейін Үкіметтен арнайы ақша бөлініп, ауылға қарай құбыр тартылған. Бірақ жарты жолда қалған жұмыстың кесірінен темір тұрбаларға көз салушылар көбейген. Тіпті, ұрлап кетпек болған жерінен тұрғындар бірнеше рет алып қалған. Ауыл белсенділерінің айтуынша, қолда бардан айырылып қалмай тұрғанда бұл істі тезірек реттеу керек.
– Қаржы көздеріне қарай биыл құрал-жабдықтарды алсақ, жұмысты бастап кете беруге болады. Келер жылдың жазында бүгінгідей проблема болмауы мүмкін. Тұрғын үйлерді сумен қамтамасз ету мақсатында пластик тұрбаларды әр көшеге жүргіземіз. Солай көгалдандыру мәселесі шешледі деп ойлаймын. Бірақ бұл жұмыстың қашан басталып, қашан аяқталатынын нақты айту мүмкін емес, – деді Атырау ауылдық округінің әкімі Нұрлан Халмурзин.
Дегенмен тұрғындар бірнеше жыл шешілмеген түйткілдің алдағы 12 айда реттелетініне күмәнмен қарайды. Ал округ әкімі су іздеп сансырап, көшені қиға толтыратын төрт түлікті әзірге өрістен қайтқан бойда қамап ұстау керектігін айтады. Әкім үшін мал суаруға Жайық және Зарослый өзегі – тиімді жер.