CaspianLife, 21 тамыз. Ұлттық компанияның хабарлауынша, Асхат Хасенов Пекиндегі кездесуде CITIC Group директорлар кеңесінің төрағасы Си Гоухуа мырзамен Ақтау битум зауытының қуатын жылына 500 мыңнан 750 мың тоннаға дейін ұлғайту жобасының ағымдағы мәртебесін талқылады (ЖШС «СП «Caspi Bitum»).
Құрылыс-монтаж жұмыстары биылғы жылдың төртінші тоқсанында басталады деп жоспарлануда.
«КМГ басшысы зауытты 2025 жылдың наурыз айында (жол-құрылыс маусымы басталғанға дейін) іске қосудың маңыздылығын атап өтіп, жобаның кестесін өзгертіп, тәулік бойы жұмыс істеу режимін қарастыруды ұсынды», – делінген ұлттық компанияның хабарламасында.