CaspianLife, 1 шілде — Шілденің бірінші онкүндігінде Қазақстанның басым бөлігінде циклон және атмосфералық фронтальді бөлімдер әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады.
Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет «Қазгидрометтің» баспасөз қызметінің хабарлауынша, солтүстік-батыс, солтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр күтіледі, найзағай ойнап, бұршақ және қатты жел болады. Елдің оңтүстігінде шаңды боран күтілуде.
Ауа температурасының төмендеуі: солтүстікте, шығыста түнде +10+15°С, күндіз +18+28°С; республиканың орталығында түнде +10+18°С, күндіз +22+28°С; оңтүстік-шығыста түнде +15+20°С, күндіз +22+30°С.
Тек еліміздің батысы мен оңтүстігінде температура фонының түнде +12+17°С-тан +20+28°С-қа дейін, күндіз +27+32°С-тан +35+43°С-қа жоғарылауы күтілуде.
Бірінші онкүндіктің соңында, екінші онкүндіктің басында ыстық күндер Республиканың басым бөлігіне қайта оралады.
Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде шілденің ыстық күндері аздаған уақытқа салқын және жаңбырлы найзағаймен, қатты жел, бұршақ және шаңды дауылмен ауысады деп күтілуде. Ауа температурасының ауытқуы болжанады:
еліміздің батысында түнде +15+22°С-тан +19+25°С-қа дейін, күндіз +28+33°С-тан +33+38°С-қа дейін;
солтүстікте, орталықта және шығыста түнде +7+17°С-тан +15+23°С-қа дейін, күндіз +17+27°С-тан +30+37°С-қа дейін;
оңтүстікте және оңтүстік-батыста түнде +14+23°С-тан +20+28°С-қа дейін, күндіз +30+36°С-тан +35+43°С-қа дейін;
оңтүстік-шығыста түнде +10+18°С-тан +17+25°С-қа дейін, күндіз +25+36°С-тан +33+40°С-қа дейін.
Ескерту: бір айға арналған болжам консультативтік ретінде пайдаланылуы керек, ол кейіннен синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетіледі және онкүндік ауа райы болжамдарымен нақтыланады.