CaspianLife, 19 маусым — Меккедегі Әл-Муайсем ауданындағы мәйітхана 550 адамның қайтыс болғанын растады. Қаза болғандардың 323-і мысырлық болса, 60-ы иорданиялық. Ал 2 мыңнан астам адам медициналық көмекке жүгінген.
17 маусымда Меккедегі Харам мешітінде ауа температурасы 51,8 градусқа жетті. Сауд Арабиясының зерттеуіне сәйкес, аймақтағы температура әр онжылдықта 0,4 градусқа көтеріледі.
Билік қажыларға күннің ыстық уақытында қолшатыр қолдануды, көп су ішіп, күн сәулесінен аулақ болуды ұсынды.