Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында өңірлік комиссиялардың жұмысын сынға алды.
– Инфрақұрылымдық мемлекеттік бағдарламалар аясында әкімдер мен министрлер жергілікті қамту үлесін 90 процентке дейін жеткізу міндеттемесін алған. Жыл сайын бұл мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру көлемі шамамен 2,8 трлн. теңгеге жетеді. Яғни, біздің экономикамызға 2,5 трлн. теңге құйылуы тиіс, – деді мемлекет басшысы.
Алайда атқарылған міндеттер атүсті жасалады. Президенттің айтуынша, арнайы жоспарлау мен есептеудің бірыңғай жүйесінің жоқтығы кесірінен мемлекеттік органдар мен бас мердігерлердің жауапкершілікті сезінбейтіні және жергілікті қамту жөніндегі өңірлік комиссиялар жұмысының тиянақты атқарылмайтыны байқалады.