CaspianLife, 31 қазан — Қалада автобус бағыттарының сызбасы өзгертілді, деп хабарлайды CaspianLife қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қала тұрғындарының сұранысы бойынша № 21 және № 22 автобустарының қозғалыс кестесі өзгертілді. «Бүгін, 31 қазаннан бастап № 21 автобус «Самал» шағынауданында 11 көшемен жүретін болады. № 22 автобус 7 көшемен жүреді», — делінген хабарламада.