Caspian Life, 20 қазан. Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Сейсмикалық стансалар желісі бүгін, 20 қазан күні сағат 13:34-те жер сілкінісін тіркеді.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан батысқа қарай 176 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.2.
Магнитудасы MPV 4.9.
Жер сілкінісінің координаттары — 43,07° c.e. 74,77° ш.б.
Тереңдігі – 20 км.
Cезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.