Caspian Life, 17 қазан. Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин Қайыршақты ауылдық округіне барып, атқарылып жатырған бірқатар жұмыстардың сапасын бақылады. Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Томарлы, Ақсай, Ақжар ауылдарында құрылысы жүріп, тапсыруға дайын тұрған жаяу жүргіншілер жолынан олқылықтар табылды. Атап өтсек, жаяу жүргіншілер жолындағы жиектастардың талапқа сай орнатылмауы, тегіс орналасуына мән бермеуі, жиектастарды зертханалық тексерістен өткізбеуі, құрылыс материалдарының толық төселмей, жұмыстардың аяқталмауы анықталды.
Осы мақсатта қала әкімі мердігер мекеме «Атырау көлік» және «Казкомсервис» ЖШС-нің атқарып отырған жұмыстарына нақты талапқа сай тексеріс жұмыстарын ұйымдастырып, қажетті анықтамаларды ұсынуды, осы атқарылып жатырған жұмыстың техникалық қадағалаушысына ескерту берілді. Сонымен қатар, өз қызметін қажетті деңгейде атқармағаны үшін басшысына шара қолданып, құжаттарды Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментіне жолдауды автомобиль жолдар бөліміне тапсырылды.
Қайыршақты ауылдық округі әкімі Шапхат Қалиевке округке қарасты барлық елді мекендерде салынып жатырған құрылыс нысандарына қадағалауды күшейту қажеттігін және де құрылыстың сапалы және уақытылы аяқталуына округ әкімінің де жауапты екені ескертілді. Себебі, қабылданған барлық құрылыс нысандары округ халқының игілігі үшін жасалып жатырғанын ескеру қажеттігі айтылды.