Caspian Life, 5 қазан. Әлем елдерін жаяу аралаудағы сапарын Атыраудан бастаған 73 жастағы ақсақал Сәрсенбай Қотырашов Түркияға жеткенін мәлімдеді. Ақсақал жаяу сапарын тамыз айында бастап, Грузия арқылы Түркияға жетуді жоспарлаған болатын.
«Шынымды айтсам, қуанышымда шек жоқ. Түркияға барамын деп бұрын еш ойламаған едім» дейді Cәрсенбай Қотырашов.
Ақсақалдың бұл бірінші сапары емес. 2020 жылы жарты жыл ішінде Қазақстан бойынша 8 мың шақырым жол жүріп өткен болатын. Қарияның ендігі сапары- Франция, Ақш, Қытай, Моңғолия, Ресейге дейін жалғасатын болады.
Нұргүл Қалимолда