CaspianLife, 27 қыркүйек — Атыраудағы кейбір сұйытылған газ сататын бекеттерде қарбалас болып жатыр. Осыған байланысты «АМӨЗ» ЖШС директоры Мұрат Досмұратов мұнай өнімдеріне тапшылық болмайтынын жеткізді, деп хабарлайды CaspianLife.
Оның айтуынша, АМӨЗ-де күрделі жөндеу емес, 1-3 қазан аралығында жоспарланған алдын-ала тексеру жұмыстары өтеді. Мұндай жөндеу жұмыстары Атырау мұнай өңдеу зауытында жыл сайын жүргізіледі.
Жөндеу кезінде өндірісті тоқтату мұнай өнімдерін жөнелтуге әсер етпейді. Қазір зауыттың резервуарларында жинақталған 36 мың тонна автобензин және 32 мың тонна дизель отыны бар.
Сонымен қатар, қазан айында 16 мың тонна бензин және 28 мың тонна дизель отынын өндіру жоспарлануда. Өндірістік желілердің бірі 9 қазанға дейін жұмыс істейді, кейіннен 23 қазанда қайта іске қосылады.