CaspianLife, 19 қыркүйек — Алматыда 15-19 қыркүйек аралығында Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту мақсатында мектеп оқушылары арасында таеквондодан Республикалық жарыс өтті. Жарысқа Атырау, Жетісу, Маңғыстау облыстары мен Алматы облысынан 15 команда 167 оқушы қатысып бақ сынады, деп хабарлайды CaspianLife.
Республикалық жарысқа Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының маманы Наурызбай Насихатұлы және №6 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Амантур Нигметуллаевич пен Авангард Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Арсен Жанболатұлы спортшыларды дайындады. Жарыс қорытындысы бойынша Ғани Журжани мен Алихан Жалелғали 1-орын алса, Ринат Исмагулов, Амина Қуандық және Темірлан Орынбай 2-орынды иеленді. Ал Аружан Дошахова 3-орынға ие болды.
Командылық есеп бойынша Атырау облысы 1-орын, Маңғыстау облысы 2-орын, Алматы қаласының құрама командасы жүлделі 3-орын алды.