CaspianLife, 13 қыркүйек — Құлсары — Атырау бағытындағы тасжолда жол-көлік оқиғасы салдарынан 1 адам мерт болды, деп хабарлайды CaspianLife.
Атырау облысы ПД мәліметінше, 12 қыркүйек күні сағат 20:50 шамасында «Toyota» автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі 1 адамды қағып кетіп, Доссор селолық ауруханасына алып келді. Дәрігерлер Мақат ауданы полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне белгісіз ер адамның мүрдесін алып келгендігі жөнінде хабарлаған. Дегенмен, ауыр соққы салдарынан 59 жастағы азамат оқиға орнында көз жұмды.
Тексеріс барысында марқұмның 1 топ мүгедегі екені анықталды. Оқиға Доссор кентінде орналасқан газ жанармай бекеті тұсында болған.
Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді.