CaspianLife, 13 қыркүйек — Блогер Заида Онуора кибербуллингке ұшырағанын және полицияға арызданғанын айтты. Бойжеткен африкалық азаматқа тұрмысқа шығып, бір жыл бұрын сәбилі болғаны үшін желі қолданушылары қоқан-лоқы көрсетіп, жағымсыз пікір жазған, деп хабарлайды CaspianLife.
Заида жұбайымен түскен суреттер мен бейнероликтерін жариялап,оқырмандарымен бөлісіп жүр. Дегенмен оның жеке өмірі кейбір желі қолданушыларына жақпаса керек.Жарияланған посттардың астына бойжеткен мен оның жақындарына балағат сөз жазып, мен қоқан-лоқы көрсеткен пікірлер қаптап кетті. Өткен жылдың маусым айында Онура әлеуметтік желілердегі буллинг жөнінде полицияға хабарласқан. Бірақ бір жыл бойы оның өтінішіне жауап берілмеген. Енді желідегілер оның сәбиіне қатысты жағымсыз пікірлер жазуда.
Заида Instagram желісінде жазылған пікірлердің скриншоттарын жариялап, жағдайға байланысты ойын жазды:
«Қазір өшпенділіктің тағы бір толқыны бар, бірақ бұл жолы бір жасар балама қатысты, оны өлтіреміз, құдыққа батырамыз деп қорқытуда. Бүгін таңертең Атырау қаласының прокуратурасына тағы да арыз жаздым. Арызға хейтерлердің суреттері мен аккаунттарын пікірлерімен қоса бекіттім. Барлығы 35 адам. Бұл маған айтылған жағымсыз хаттардың 2% ғана. Өткен жылы пост жазып, шу жасағым келмеді. Бірақ, шу шығармаса, жазылған арыздар қаралмай жата беретініне көзім жетті».
Осындай жеккөрінішті пікірлердің бірінде оның бір жасар баласын «құдыққа батыру керек», ал жұбайын «таспен ұрамыз» деп қорқытқан.