CaspianLife, 6 қыркүйек — Энергетикалық сусындар мен тез дайындалатын тағамға тым әуес болған 17 жастағы бозбала шұғыл түрде дәрігердің көмегіне жүгінді. Оқиға Алматыда болған, деп хабарлайды CaspianLife.
Науқас ауыр хәлде №2 балалар клиникалық ауруханасына арбамен жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, күнделікті энергетик ішіп, жарты жыл бойы тек фастфудпен тамақтанғандықтан бауырына қатты зақым келген.
«Оны толықтай тексерген кезде, қызуы көтеріліп, ерні қанап тұрды. Ауыз қуысында жаралар болды. Буындары ауырып, өзідіген жүре алмағандықтан арбамен алып келді. Баладан бәрін сұрай келе, жарты жыл бойы тек энергетикалық сусындар мен фастфуд жегенін анықтадық. Содан бауырына айтарлықтай салмақ түскен. Нақты диагнозы — бауыр функциясының бұзылуы», деді №3 балалар ауруханасының кәсіби гемотологі Ұлжалғас Өскенбаева.