CaspianLife, 4 сәуір — Атыраулық келіншек сатып жіберген автокөлігінің айыппұлы мен салығын 15 жыл бойы төлеген ,- деп хабарлайды caspianlife.kz.
57 жастағы әйел өзінің ГАЗель автокөлігін 2008 жылы сатып жіберген. Бірақ оған көліктің төлемдері осы уақытқа дейін келіп тұрыпты. Кейін келіншек Атырау облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Руслан Мәжитовтың қабылдауында болып, жағдайды түсіндіріп, көмек сұраған.
Ақырында машинаның Алматы облысы Қаскелең қаласында екендігі анықталып, қазіргі иесі табылды. Ол автокөлікті тіркеуден шығарып, бұрынғы иесіне 800 мың теңгені қайтарып беруге келісті.