CaspianLife, 3 сәуір — Зауыттағы баяу кокстеу қондырғысындағы П-2 пешінің жану режимі бұзылған, -деп хабарлайды caspianlife.kz.
Басшылықтың айтуынша, түтіннің шығуына жанармай газына сұйықтықтың тамуы әсер еткен. Кейін технологиялық қондырғылардағы динамикалық жабдықтардың бір бөлігі тоқтатылып, қайта іске қосылған. Бұған «KEGOK» АҚ тарапынан электр энергиясы кернеуінің төмендетілуі әсер еткен.