CaspianLife, 3 сәуір — «Ақжайық» резерватының аумағында өршіген өрт басылар емес деп хабарлайды caspianlife.kz.
Атыраулықтар кешеден бері әлеуметтік желі арқылы қаланы басқан қою түтін иісіне наразылық білдіруде. Кей мектептерде осы жағдайға байланысты балаларды сабақтан босатып жатыр деген ақпар тарады. Бірақ бұл мәліметті облыстық білім беру басқармасындағылар жоққа шығарды. Осы оқиғаға қатысты бүгін жауапты орындар баспасөз конференциясын өткізбек.
2 сәуір күні Атырау облыстық ТЖД Дамбы селосынан 30 шақырым қашықтықта Каспий теңізінің жағалауындағы қамыстың жанып, 85 гектар жердің өртеніп кеткенін хабарлаған еді.