CaspianLife, 31 наурыз — Қаңтар оқиғасы кезінде 84 азаматқа қатысты азаптау жасаған күштік органдардың 35 қызметкері қылмыстық жауаптылыққа тартылды. Оның 9-ы бас бостандығынан айырылды, қалғандарына қатысты сот талқылаулары жүріп жатыр деп хабарлайды сaspianlife.kz.
Мұндай ақпарат еліміздің бас прокуратурасы ұйымдастырған «Азаптаулар туралы істерді тергеудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында айтылды. Бас прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өткен жылдан бері мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «қаңтар оқиғалары» кезеңінде азаптаулар туралы 11 қылмыстық іс тергелген.
Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласы мен Алматы облысында бейнебақылау жазбаларын сақтау серверлерін мақсатты түрде жоюлуы құқық бұзушылықтарды анықтауға әсерін тигізген.
«Арнайы прокурорлар бұл жазбаларды қалпына келтіре алды. Кейіннен оларды азаптауларды қолданудың негізгі дәлелі ретінде пайдалана білді»
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Талқылау барысында құқық қорғау органдарына жеткізілетін азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қозғалды. Қылмыстық қудалау органдарында азаптауларға жол бермеу мақсатында барлық жерге бейнебақылау камералары орнатылған. Алайда, прокуратураның тексеруімен қылмыстық қудалау органдарының бейнебақылау жүйелерімен қамтылмаған 6 159 көзге көрінбейтін учаскелер мен үй-жайлар анықталды. 937 камера жұмыс істемейтін болып шыққан. Қазір бұл кемшіліктерді жою бойынша іс-шаралар қабылданып жатыр.
«Сондай-ақ бұл бағытта басшылар мен қызметкерлердің азаптаулардың алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттемелері және оларға жол бергені үшін жауапкершілікті нақты реттеу болмаған»
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Қазіргі кезде тиісті нұсқаулық қабылданып, сеніп тапсырылған бөлімшеде азаптауларға жол бергені үшін басшылардың тіпті қызметтен босатуға дейін жауапкершілігі көзделген шектеулер белгіленді.
Фото: Zakon.kz