CaspianLife, 30 наурыз – қарағандылық теміржолшылар 800 тоннаға жуық материал ұрлаумен айналысқан деп хабарлайды сaspianlife.kz orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Дереккөздің ақпаратына сүйенсек, ұрланған төсемдер, шпалдар, рельстер және басқа да тауарлар жарамсыз немесе белгілі бір ақаулардың орнына жол бөлігінің жоғарғы құрылымдарына орнатылғаны туралы жалған ақпарат беру арқылы есептен шығарылған.Материалдарды ұрлады деп күдікке ілінген топтың құрамында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қарағанды филиалының қазіргі және бұрынғы 17 қызметкері бар. Олардың бұл іс-әрекетін жүзеге асыруына полиция қызметкерлері көмек көрсеткен деп жазады orda.kz сайты. Келтірілген залалдың көлемі 130 миллионға жуықтайды. Қазіргі уақытта ұрланған тауарларды сатып алғандар, материалдарды тасыған жүк көліктері анықталған. Сот санкциясымен Жаңаарқа жол стансасы учаскесінің бастығы мен оның орынбасары, желілік полиция бөлімінің бастығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Фото Қазақ телеграф агенттігінен алынды