CaspianLife, 29 наурыз – Құрманғазы ауданында заңсыз ауланған 417 келі болатын бекіре тұқымдас балық тәркіленді деп хабарлайды сaspianlife.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 наурыз күні Құрманғазы ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері Газель автокөлігін жүргізіп бара жатқан 43 жастағы жүргізушіні тоқтатып, көлікті тексерген. Нәтижесінде, машинадан жарты тоннаға жуық бекіре тұқымдас балықты тәркілеген. Қазір полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап кетті.