CaspianLife, 29 наурыз — Атырау облысында биыл жалпы құны 65,6 млрд теңге болатын 8 жоба іске асырылмақ. Бұл туралы Атырауға іссапармен келген Сыртқы істер министрлігіне қарасты инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев мәлімдеді деп хабарлайды сaspianlife.kz.
Былтыр Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен инвестициялық жобалардың Жалпы ұлттық пулы әзірленген болатын. Зебешевтың сөзінше, Атырауда соның ішіндегі 5-еуі пайдалануға беріліпті. Жалпы ұлттық пулдың ішінде 6 трлн теңгені құрайтын 27 жоба бар.Жалпы ұлттық пулдағы жобаларға қаажетті инвестицияны 30 мемлекеттен тарту көзделген. Олардың жалпы сомасы 32,3 трлн теңге, — дейді министрлік өкілі. Былтыр Атырау облысында жүзеге асқан жобаларға 5,7 млрд АҚШ доллары жұмсалған. Зебешевтың сөзінше, бұл көрсеткіш жылдан жылға артып келеді. Дегенмен, Атырауда инвесторларға жеңілдік көп жасалмайтын көрінеді. Атырау облысында 2005 жылдан бері бар болғаны 2005 жылдан бері 9 инвестициялық келсім шарт жасалған. Қазір оның бесеуі ғана қолданыста.Болашақта Атырау аймағында инвесторлардың көмегімен тоқыма бұйымдарын шығаратын, экструзиялық геосинтетика өндіретін цех, құс фабрикасы, жылыжай кешені салынады. Одан бөлек екі мектеп пен отбасылық саябақ бой көтереді. Жиын соңында Ардақ Зебешев Қазақстан экономикасына қаражат салуға ниетті инвесторларға елімізде оларға жағдай жасалғандығын, жеңілдіктер көрсетілетінін, бір сөзбен айтқанда жұмыс істеуге қажетті мүмкіндіктің бар екендігін түсіндіру керек деді.