CaspianLife, 19 наурыз — Қалалық перзентханада 87 келіншек дауыс беруге құқылы. Әзірге олардың 73-і өз таңдауын жасапты. Мұнда №80 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.
«Мен бүгін осы перзентханада сәбиімді дүниеге әкеліп жатырмын. Бүгінгі сайлауда түрлі партиялардан, түрлі кандидатуралар ұсынылып отыр. Соның ішінен өз тандауымды жасап, дауысымды бердім. Бұл еліміздің дамуына жаңаша серпін береді деп сенім білдіреміз. Билік пен халықтың арасын жакындастырып, билік халықты естиді деген үлкен үмітіміз бар. Жаңа қазақстан құруға өз үлесімді қосамын» — деді Атырау қаласының тұрғыны Әсемгүл Жұмағалиева.
«Мен Атырау қалалық перзентханада босанушы анамын. Өзімнің де, сәбиімнің де жағдайы жақсы. Енді ары қарай қазақстанымыз дами берсін, өсе берсін өркендей берсін деймін. Жаңа қазақстан тек қана дами берейік» — деді Атырау қаласының тұрғыны Айзада Орынбасарова.
Сағат түнгі 12ден бері перзентханада 6 нәресте дүниеге есігін ашқан.
«Аналарымыз аман, сәбилердің дендері сау. Бүгін түнгі 12 ден бастап дүниеге қыз бала келді, қазірге дейін барлығы 6 нәресте өмірге келді» — деді №80 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Назымгүл Мендешева.
Дәрігерлердің айтуынша, босанған аналар мен кішкентайлардың жағдайы жақсы, бәрі де бақылауда.