CaspianLife, 15 наурыз — Атырауда кәмелетке толмаған жасөспірім есірткі жасырған, деп хабарлайды Caspian Life облыстық ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында қала аумағында синтетикалық есірткіні жасырып, сатқан 17 жастағы жасөспірімді қолға түсірді. Сараптама қорытындысы бойынша 26 грам синтетикалық есірткі екені анықталды.
«Аталған дерек бойынша ҚК-тің 297-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201 бабына сәйкес жариялануға жатпайды», — делінген ПД таратқан хабарламада.