CaspianLife, 13 наурыз — Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының (ҰҚҚК) қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде қалада Toyota Camry автомашинасы ұсталды.
ҚР ІІМ ведомстволық сайты хабарлауынша (Polisia.kz), жәбірленушіні көліктің жүргізушісі мен жолаушысы бірнеше рет ұрлап, ұрып-соғып, суық қарумен қорқытып 500 мың теңге талап етіп, автокөлікті алып кеткен. Күдіктілер ұсталған кезде көлікте патрондары бар ПМ жауынгерлік тапаншасы тәркіленді.
Күдіктілердің бірінің уақытша тұрғылықты жерін тінту кезінде бірнеше жауынгерлік және травматикалық оқ-дәрілер табылды. Сонымен қатар, басқа мекен-жайдан күдікті 3 еркек ұсталып, олардан тағы бір тапанша, екі мылтық, бірнеше оқ-дәрілердің тәркіленді.
Мекен-жайлардың бірінде күдіктілердің жәбірленушіден күшпен тартып алған Opel Vectra автокөлігі де табылды. Қазіргі уақытта, бопсалау және қаруды сақтау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуді. Күдіктілер өз кінәларын мойындап, қазіргі уақытта барлық жағдайларды анықтауға бағытталған қажетті жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізілуде.
Дереккөз: caspianlife.kz
Суреттер Polisia.kz сайтынан алынды.