CaspianLife, 10 наурыз — Қылмыскерлер ірі көлемдегі есірткіні Қазақстанға Каспий теңізі арқылы әкелмек болған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтында хабарланды. Шетел азаматтары былтыр тамызда 10 келі апиын мен 8 келі гашишті шекарадан заңсыз өткізуге әрекет жасапты. Ол үшін шағын қайықты пайдаланған, деп хабарлайды Caspian Life.
Қылмыскерлер қолданған қайық жеңіл әрі өте жылдам жүретіндіктен оны радиолокациялық құралдармен анықтау қиындық тудырған көрінеді. Навигация үшін GPS және спутниктік байланыс құралдары қолданылған. Есірткі заттарын тасымалдау дерегі бойынша үш шетелдік және бір қазақстандық азаматқа қатысты қылмыстық іске жақында сот үкімі шықты. Маңғыстау облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты күдіктілерді ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айырды.