CaspianLife, 21 ақпан — Полицейлер Құлсары қаласының тұрғынынан 3 жарым мың тонна заңсыз ішімдікті тәркіледі, деп хабарлайды CaspianLife.
Тауардың иесі 51 жастағы әйел ұсталды. Заңсыз алкогольді өнім сақталған қойманы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шара кезінде анықтаған. Қоймадағы ұзын саны 6500 бөтелке ащы судың нарықтағы бағасы – 7 миллион теңге шамасында.
«Анықталған фактілер бойынша , полиция қызметкерлері ҚР қылмыстық кодексінінің екінші бөлігіндегі — «Жалған сәйкестендіру құралдарын және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларды өткізу мақсатында жасау немесе иемдену, сол сияқты пайдалану немесе өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады» — деді Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.