CaspianLife, 21 ақпан — Атырау қаласының көшелеріндегі еріген қар суы көліктер мен жаяу жүргіншілердің жүріп-тұруын қиындатып жіберді, деп хабарлайды CaspianLife.
Қазіргі уақытта 23 арнайы техника су сору жұмыстарымен айналысуда. Оның сегізі «Арнаулы Автобаза» ЖШС-не тиесілі болса, қалғаны жекеменшіктегі техника. Атырау қаласы әкімдігінің берген ақпаратына сүйенсек, техникалар қаланың су басу қаупі бар Ескі қала, «Мұнайшы» сынды бөліктерінде жұмыс істеуде.