CaspianLife, 2 ақпан — Ұлттық нейрохирургия орталығының мамандары Ақтауда мойын омыртқасы сынып, жұлыны зақымданған науқасқа операция жасады. Бұл туралы Маңғыстау облыстық көпсалалы аурухананың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды CaspianLife.
6-қабаттан лақтырылған жиһаз үстіне түскен 39 жастағы азамат ауыр зардап шеккен болатын.
«Науқастың омыртқасы толықтай имплантпен алмастырылды. Жұлынды қысып тұрған бөлшектер алынып, жұлын босатылды. Операциядан кейінгі жағдайы бірқалыпты тұрақты ауыр. Қазір жансақтау бөлімінде», — деді облыстық аурухана нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Думан Мырзабеков.
Дәрігерлер алдағы уақытта науқасты бөлімшеге шығару жоспарланып отырғанын айтты.