CaspianLife, 28 қаңтар — Ақтауда жоғарғы қабаттан лақтырылған жиһаз өтіп бара жатқан адамның үстіне түскен. Зардап шегуші ауыр халде, деп хабарлайды Caspian Life.
Облыстық аурухананың мәліметінше, науқастың жағдайы өте ауыр. Астандан арнайы мамандар келіп, оған ота жасайды.
Мұндай жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. Естеріңізге сала кетейік, Қаңтардың 16 күні, 11-шағын ауданда №41 үйден өтіп бара жатқан адамға жиһаз лақтырылған болатын.
Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.