CaspianLife, 18 қазан — Өзбекстан азаматы Атырауда 7 жыл құжатсыз жүрген деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
Атыраулық полицейлер 53 жастағы азаматтың 2015 жылдан бері құжатсыз жүргенін анықтаған. Аталған дерек бойынша өзбекстандық қалалық полиция басқармасының қабылдау-тарату орнына орналастырылды.
Қазіргі уақытта шетел азаматына қатысты көші-қон полиция қызметкерлері тиісті іс-құжаттар жинақтап, заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданады.
Айта кетелік, қалалық полиция басқармасы 1 қазан мен 1 қараша аралығында «Учаске» профилактикалық іс-шарасын жүргізуде.