CaspianLife, 5 қыркүйек — Биыл исатайлықтарға бірнеше нысан қолданысқа беріледі деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Исатай ауданының әкімі Полымбет Хасанов аудандағы құрылысы жүріп жатқан нысандармен танысты. Мәселен, ток желілері 1975 жылдан бері жаңартылмағандықтан ауданда жарық жиі сөнетін. Бұл пробелманы шешу үшін тамыз айында ток желілерін жаңарту жұмыстары басталған болатын.
Одан бөлек, «Ембімұнайгаз» АҚ 100 жылдық мерейтойына орай мұнайшылар Аққыстау ауылына көпфункционалды спорт алаңын сыйға тартпақ. Аталмыш нысан шағын футбол, баскетбол, волейбол алаңдарымен және Workout, жүгіруге арналған жолақтармен қамтылып, жасыл желектер отырғызылатын болады.
Сондай-ақ, Тұщықұдық ауылында Ж. Мырзағалиев атындағы орта мектептің 320 орындық жапсаржай құрылысы жүруде. Ал, дәрігерлік амбулаторияның күрделі жұмыстары әлі де жалғасуда.