CaspianLife, 3 мамыр — Маңғыстауда «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның монополиялық жағдайын теріс пайдаланғаны анықталды. Компания ұзақ уақыт бойы жол майының битумының жылдық көлемінің 99%-ын тек бір ұйымға сатып келген. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық департаменті хабарлады.
Кейін аталмыш ұйым жол құрылыс компанияларына битумды жоғары бағамен сатқан. Ведомствоның мәліметінше, деладал жүктеген сауда үстемесі шамамен 30%-ды құраған.
«Қаражанбасмұнай» АҚ монополияға қарсы органның талабын толығымен орындады. Енді компания жол майының битумын тікелей жол құрылыс компанияларына сататын болады. Акционерлік қоғамның және басқа да субъектілердің қылмыстық жауапкершілігі туралы мәселені қылмыстық қудалау органдары монополияға қарсы агенттікпен бірлесіп шешеді, оның барысында барлық нарық субъектілерінің әрекетіне құқықтық баға беріледі», — делінген хабарламада.