CaspianLife, 27 сәуір — Ақтауда «Қаржанбас» кен орнының су бөгеті маңында өлі итбалықтардың 50-ге жуық ұшасы табылды. Жануарлардың өлу себебін анықтау үшін жұмыс тобы құрылды. Зертханалық зерттеулерді жүргізу мақсатында балық қорғау инспекторлары теңіз суы мен топырақтан сынама алды.
Қазіргі уақытта жергілікті Балық инспекциясы басқармасының инспекторлары балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметімен бірлесіп, Каспий теңізінің жағалау аймағы мен басқа да учаскелерге бақылау жасауда. Сонымен қатар, аталған факті туралы ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Микробиология және вирусология институты» зертханасының қызметкерлеріне, сондай-ақ «Гидробиология және экология институты» Батыс Қазақстан мекемесінің қызметкерлеріне хабардар етілді.