CaspianLife, 25 сәуір — Ішкі нарықта газды тұтынудың артуы газ тарифінің өсуіне әкелуі мүмкін. Бұл туралы Сенат депутаты Ерік Сұлтанов мәлімдеді.
«Айта кететін жайт, ішкі нарықта газды тұтынудың өсуі ұлттық оператордың (QazaqGaz) тауарлық газ экспортының қысқаруына әкеліп соғады, кіріс есебінен газ бағасы ішкі нарықта субсидияланады. Ал бұл өз кезегінде ішкі газ бағасының – орта есеппен 60 пайызға өсуіне әкелуі мүмкін. Біз газ тарифінің өсуінен қаша алмайтынымызды ашық айтуымыз керек«, — деді Сұлтанов Сенатта өткен Үкімет сағатында.
Оның айтуынша, «жаңа аймақтарды залалсыз газдандыруды ғана емес, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тарифті тежеуді қамтамасыз ететін оңтайлы тетікті анықтау» маңызды.
Сонымен қатар, сенатордың айтуынша, тұтынушыларды бұл туралы алдын ала хабардар ету үшін жыл сайын газ бағасын жоспарлаудың ұзақ мерзімді кестесін ашық жариялауы керек.
Еске салайық, ақпанда бағаны сараптау нәтижесінде Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстанның басым бөлігінде газ бағасын төмендеткен болатын.
Бұған дейін энергетика министрі Болат Ақшолақов тау-кен және балқыту кәсіпорындары белсенді түрде көмірден газға көшетін болса Қазақстан 2025 жылға қарай газ тапшылығына ұшырауы мүмкін екенін айтқан болатын.