CaspianLife, 21 сәуір — 21 сәуір күні сағат 05.57-де Жылыой ауданы Құлсары қаласының 7-ауылында Жем өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты 3 ауланы су басты.
Эвакуацияланған тұрғындар 3 үйден 10 адам (оның ішінде 4 бала) туыстарына орналастырылды.
Ең қауіпті учаскедегі 7-ауылдың тұрғын үйлерін қорғау үшін топырақ үйіндісін салу және құм салынған қаптарды төсеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жұмылдырылған күштер мен құралдар: Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті (25 қызметкер және 3 бірлік техника), жергілікті атқарушы орган (30 қызметкер және 1 бірлік техника), аудандық полиция бөлімі (20 қызметкер және 6 бірлік техника), «Казкомсервис» ЖШС (9 қызметкер және 9 бірлік техника), «Жылыой-Су» ЖШС(3 қызметкер және 3 бірлік техника), «Жылыой-Газ» ЖШС (3 қызметкер және 3 бірлік техника), «Жылыой-Мұнай-Газ» ЖШС (2 қызметкер және 2 бірлік техника).