CaspianLife, 8 сәуір — 11 сәуірден бастап қазақстандықтар Ресей шекарасынан кедергісіз өте алады. Тек азаматтарда короновирус инфекциясын жұқтырмағанын растайтын ПТР сынамасының оң қорытындысы немесе вакцинация паспорты болуы керек.
Короновирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шектеуді эпиджағдайдың тұрақталуына байланысты алып тастап отыр. Жаңа өзгерістің Өзбекстан және Қырғызстан арасындаңы өткізу пункттеріне де қатысы бар. Сондай-ақ, әуе қатынасы арқылы мемлекеттік шекараны кесіп өтуге қойылған барлық шектеу де алынады.