CaspianLife, 5 сәуір — 48 жасар келіншектен трамадол дәрісінің 29 данасы мен тропикамид дәрісінің 11 флаконы тәркіленген.
Ол психотропты заттарды қаладағы азық-түлік дүкендерінің бірінде сатқан.
Құқық қорғау органы қызметкерлерінің мәліметінше, әйел қаңтар айында дәл осындай заңбұзышулық жасап, жауапкершілікке тартылғаны анықталған.
Қазір аталған іс бойынша құжаттар жинақталуда.