CaspianLife, 1 сәуір — Ақтау қаласын абаттандыруға 100 млн теңгеден астам қаржы жұмсалады. Бұл ақша қаладағы ескерткіштер мен стелаларды тазалап, жөндеуге, орындықтарды сырлауға және ауыстыруға, т.б. жұмыстарға жұмсалады. Сондай-ақ, 100 урна мен 100 орындық сатып алу жоспарлануда.
Аталған жұмыстармен «Алаш Констракшн» ЖШС айналысады. Әкімдік мердігер компания өз міндеттерін орындауды бастағанын айтады. Абаттандыру жұмыстары тұрғындардың наразылығын туғызған жасанды пальмаларды жөндеуден басталды.
Еске сала кетсек, «Алаш Конастракшн» ЖШС наурыз айының басында Ақтау қаласының әкімдігі ұйымдастырған байқауда жеңіске жеткен еді. Сатып алу сомасы 107 142 857 теңгені құрайтын келісім жыл соңына дейінгі уақытқа жасалды.