CaspianLife, 25 наурыз — Қылмыстық іс сәуір айында басталуы мүмкін.
Өткен жылдың желтоқсан айынан бері Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты қылмыстық істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Іс-қимыл Департаменті тергеді.
Бұл істе Хаменовадан бөлек, құқық қорғау органдарына өз кінәсін мойындап келіп, кейін уақытша босатылған облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевтың да аты аталады.
Иә, тергеу аяқталды. Қазір қылмыстық іспен танысу басталды, — деді адвокат Игорь Вранчев ЭК тілшісіне.
Еске сала кетейік, Бақытгүл Хаменова мен Ақылбек Рысқалиев Атырау қаласында Абай ескерткішін орнатуға бөлінген қаражаттан «откат» ретінде 4,5 млн тг пара алды деген күдікке ілінген еді.