CaspianLife, 18 наурыз — Қалаға қарасты округ тұрғындарының қоғамдық көліктердің жұмысына көңілдері толмайды.
Мысалы, Геолог елді мекенінің халқы таңертең теміржол вокзалына жету үшін автобусты жарты сағатқа жуық күтеді екен. Күнделікті №59 автобуспен қатынайтындардың айтуынша, жүргізушілер аялдамалардың бәріне бірдей тоқтамайды. Оған жолаушылардың көптігі себеп болып отыр. Соның кесірінен оқушылар сабаққа кешігеді, жұмысқа асыққандар да діттеген жеріне уақытылы жете алмайды. Нормативке сәйкес, автобустардың арасындағы интервал 10 минуттан аспауы тиіс.
2-3 рет кездесті автобус келеді осылай конечныйға, кісіні алмай кетіп қалады. Ол таңертең пробка кезінде сосын обедте пробка көп боладығой сондай кезінде болады кісіні алмай кетеді
Көп күтеміз қазір ұзарып кеттіғой, жүретін уақыты Ақсайға дейін баратын болған соң. Таңертен мысалы екі маршруткаға мінгізбей қалады, сондықатан үшінші маршрутты күтуге тура келеді. Мына жердегі таксилер бармайды ол жаққа односторонкамен кетеміз деп поликлиникаға баратын болсаңда солай.
Кісі көп қазір балдар сыймай қалып жатады, кісі көп тоқтайтын болған соң Көктемді қосып қойды соларды қосқан соң халық наразылығын білдіріп жатыр, — дейді округ тұрғындары.
Қала ішіндегі жолаушылар тасымалына жауаптылар бұл мәселемен таныспыз дейді. Бірақ, проблеманың қашан түп тамырымен шешілетінін айта алмады. «Смарт Атырау» мекемесіндегілердің сөзінше, қазіргі кезде Ақсай, Көктем, Геолог және Қайыршақты елдік мекендеріне №59 бағыттағы 9 автобус қатынайды.
2022 жылы 59 маршурт схемасын өзгеріс енгізіп, Ақсай елді мекеніне созған болатынбыз. №30 көшесіне дейін. Бұл дегеніміз Ақсай ауылы тұрғындарынан келіп түскен арыздар бойынша жұмыстанып, қоғамдық бау бақшаға қарай созған болатынбыз. +02:42 Біз мына 59 маршуртты қайта схемасын қарастыру мақсатында зерделеп,тағы да қарайтын боламыз. Өзіміздің тарапынан комиссяи мүшелері шешетін болады. Егерде халықтың арызы көптеп түсетін болса біз өз тарапымыздан 59 маршурттың схемасына өзгеріс енгізіп, екі маршуртқа бөлетін боламыз, — дейді «Смарт Атырау» КММ директорының м.а. Рүстем Ерниязов.
Шаһардағы 170 қоғамдық қөлік қала ішінде17 , қала маңындағы округтерге 13 бағыт бойынша жүреді.