CaspianLife, 18 наурыз — Ақтауда иттерді көлікпен қуып, әдейі басып кеткісі келген жүргізушінің жеке басы анықталды.
Әлеуметтік желілерде тараған видеожазбаларға қарағанда, ер адам иттерді қасақана басып кеткісі келген көрінеді. Ақтау қаласының полициясы жануарға қатысты қатыгездік фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатыр.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, видео 17 наурызда кешкі сағат бес шамасында Ақтаудағы бірінші шағын аудан жағалауында түсірілген. Олар видеоға көлік жүргізушісінің қатыгез әрекеті толықтай түсірілмегенін айтады. Сөздерінше, жүргізуші басуға әрекет жасамас бұрын иттерге тас атқан. Автокөлік иесі басып кеткісі келген ит соңғы сәтте аман қалған көрінеді.
«Оны барлық әкімшілік бап бойынша жазалайды деп үміттенеміз. Бұл адам көліктен шығып, иттерге тас лақтыра бастады, содан кейін қайтадан көлікке отырды да, оларды әдейі басқысы келді. Оны видеоға түсіріп тұрғанымызды көргеннен кейін, бізге бейәдеп сөздер айтты», — дейді оқиға куәгерлері.
Патрульдік полиция қызметкерлері тәртіпбұзушының жеке басын анықтады. Ол жауапкершілікке тартылатын болады.
Қалалық полиция қабылданған шешім туралы ақпарат қосымша хабарланатынын айтты.
Видео:Lada.kz