CaspianLife, 5 наурыз — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жедел деректері бойынша қазіргі уақытта Ақтау және Құрық порттары штаттық режімде жұмыс істеп тұр.
Ақпаратқа сәйкес, жүктердің кідіріп қалу оқиғалары болмаған.
Қазақстандық жүк жөнелтушілер мен тасымалдаушыларды қолдау мақсатында Баку, Махачкала, Амирабад, Анзали сияқты серіктес порттармен тығыз байланыс орнатылды.
Еліміздің порттары 10 млн тоннаға дейін қосымша жүкті, оның ішінде 5,5 млн тонна мұнайды өңдей алады.