CaspianLife, 1 наурыз — Атырау қалалық прокурорының орынбасары Нұржан Әбіловтің айтуынша, бюджет қаржысын заңсыз жұмсау дерегі анықталған.
«Прокурорлық тексеру кезінде Атырау қаласындағы №4 емханада тегін ПТР тексеруден өтуге жатпайтын 20 адамға тиісті жолдамалар негізсіз беріліп келгені анықталды. Осылайша 162 мың теңге бюджет қаражаты мақсатсыз жұмсалған. Осыған ұқсас заң бұзушылық №3, №5, №7 және Геолог емханаларында да анықталды. Прокурорлық қадағалау шараларымен заңсыз жұмсалған 1,5 млн теңгеден астам қаржы бюджетке қайтарылды. Кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды», — деп хабарлады Нұржан Әбілов.