CaspianLife, 20 ақпан — Оқиға 19 акпан сағат 21.17-де Құрманғазы ауданының Байда ауылдық округінде болған.
Осындағы балық аулау және қабылдау цехына қарасты Қиғаш өзенің жағасында жөндеу жұмыстары жүріп жатқан «Қиғаш — 2» теплоходының 3×7м болатын алдыңғы бөлігінде өрт шыққан.
Өрт сағат 22.33-те оқшауланып, сағат 22.41-де толықтай сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің дәнекерлеу кезінде ағаш материалына шоқтың түсуі себебінен шыққан.
Өрт сөндіруге Атырау облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ 7-ӨСБ 6 қызметкері мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.