CaspianLife, 19 ақпан — Атырауда 2011 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы ұсталды.
Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Нұрхат Оразбаевтың айтуынша, шетелдік Атырауға ақпан айының басында келген.
«Атырау қалалық полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері 2011 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының 1987 жылғы азаматын ұстады. Халықаралық іздеудегі күдікті Ішкі істер министрлігінің тұрақты мониторинг жүргізілетін көші-қон ақпараттық базасы арқылы анықталған. Өзбекстандыққа 2011 жылы Ресей Федерациясы федеральдық қауіпсіздік қызметі РФ Қылмыстық кодексінің 322-бабының 1-бөлігімен іздеу жариялаған», -дейді Нұрхат Оразбаев.