CaspianLife, 4 ақпан — Өткен жылы Атырау облысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс жасаған 47 адам сотталды. Оның ішінде алтауы мемлекеттік орган басшысы.
Жегіқұрт әсіресе ауыл шаруашылығы, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау секілді салаларды дендеп алған. «ҚР 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту тұжырымдамасы» талқыланған дөңгелек үстелде осындай мәліметтер айтылды. Отырыстың өтуіне «Қазақстан халық партиясы» Атырау облыстық филиалының басшылығы себепші болды. Олардың сөзінше мұндағы мақсат – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мықты иммунитет қалыптастыруға ықпал ету. Және отырыста мінез көрсетіп, «тентектік жасаған» мемқызметшілердің іс әрекетін талқыға салатын әдеп кеңесінің маңыздылығы туралы да айтылды.
Мемлекеттік қызметші әдеп кодексының талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жаза қолданылды. Сонымен қатар 7 мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке кір келтірген теріс қылыққа жол бергені үшін тәртіптік жазаларға тартылған. Оның ішінде атқаратын лауазымынан босатылған 1 мемлекеттік қызметші де бар, — деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі АОД басшысының орынбасары Абылайхан Наурызбаев