CaspianLife, 1 ақпан — Газбен жабдықтау жұмыстары 2024 жылдың соңына дейін аяқталады.
Жобалар Атырау облысының 2021-2025 жылға дейінгі кешенді даму бағдарламасы аясында жүзеге асады деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Газ тарту жұмыстары Қызылқоға, Исатай аудандарындағы «көгілдір отын» жетпеген елдімекендерде жүзеге асады.
Сапа мен нәтиже басты назарда болады» деп атап өтті Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушов.
Қазіргі таңда Атырау облысында газбен жабдықтау көрсеткіші 99,8 пайыз.