CaspianLife, 26 қаңтар — Жасырылған телефон сәлем-сауқатты тексеру кезінде табылған деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі.
Телефон салынған тұрмыстық сабынды әйел адам тергеу изоляторына қамалған күйеуіне 25 қаңтар күні алып келген.
Аталған факт бойынша ҚР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Процессуалдық шешім шығару үшін іс Ақтау қаласының мамандандырылған сотына жіберілді.
Аталған бабқа сәйкес кінәлі деп танылғандардың ескерту алуы немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болып табылған заты тәркiлене отырып, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл төлеуі мүмкін.