CaspianLife, 26 қаңтар — Атырауда күннің тайғақ болуына байланысты жол-көлік оқиғалары жиіледі.
26 қаңтар күні сағат 08:20 шамасында Атырау-Дамбы тас жолында орналасқан көлік жуу орталықтарының бірінің тұсында қала бағытынан Дамбы ауылына қарай бағыт алған “Lada Priora”маркалы автокөлігі жолдан тайып кетіп, жолдың қарсы бағытында келе жатқан “Kia Rio” маркалы және “Ваз 2112” маркалы автокөліктеріне соқтығысқан. Оқиға салдарынан “Kia Rio” автокөлігінің жүргізушісі мен “Ваз 2112” автокөлігінің жолаушысы облыстық ауруханаға жеткізілді. “Lada Priora” автокөлігінің 1976 ж.т., жолаушысы оқиға орынында көз жұмды.
Қазіргі уақытта іс-құжаттар жинақталуда.
Тағы бір жол-көлік оқиғасы Атырау-Орал тас жолында тіркелді. “Toyota Prado” автокөлігінің жүргізушісі Береке ауылынан асқан тұста басып озу кезінде алдында бір бағыттас солға бұрылып жатқан маркасы “Ваз 2114” автокөлігіне соқтығысып, соққы екпінімен “Toyota Pradо” автокөлігі жол жиегінде орналасқан электр бағанасына соқтығысқан. Соққы салдарынан жарақат алғандар жоқ, электр бағанасына келтірілген материалдық шығын анықталуда.
Одан басқа, 26 қаңтар күні сағат 08:00 шамасында маркасы “Toyota Corolla” автокөлігі Атырау-Еркінқала тас жолы, Жұмыскер мөлтек ауданының тұсында метеорологиялық жағдайды ескермей тайып кетіп, қарсы бағытта келе жатырған “Audi A6” автокөлігімен соқтығысқан.